Шымкентте автокөлік аяқ киім дүкеніне кіріп кетті

© Әлеуметтік желілер

Шымкентте автокөлік дүкенге кіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Nexia автомобилі "Канны" аяқ киімдер дүкенінің жертөле қабатына кіріп кеткен. Оқиға Байтұрсынов көшесінде болды. Жүргізуші тротуар арқылы өтіп барып, әйнек витринаға соғылған. Тауардың жартысына жуығы бүлінді. Оқиға кещінде дүкенде сатып алушылар мен қызметкерлер болыпты. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, таяуда Алматы қаласында осыған ұқсас оқиға болған еді. BMW маркалы автомобиль жол бойындағы дүкенге соғылған болатын. Жол апатының салдарынан дүкен ішінде болған екі адам зардап шекті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама