Шымкентте баланы басынан күрекпен ұрған ер адам іздестіріліп жатыр - ВИДЕО

Видеодан скриншот

25 мамырда "TVK" телеарнасына Шымкент ?аласыны? т?р?ынынан WhatsApp желісі ар?ылы жа?а?статарлы? бейнежазба келіп т?скен. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасында?ы бала?а физикалы? к?ш ?олданып, ?орлап жат?аны т?сірілген. Я?ни, онда жас?спірімді к?лікті? до??ала?тарыны? ішіне салып ?ойып, басынан к?рекпен аяусыз ?рып жат?анын аны? к?руге болады.

25 мамырда "TVK" телеарнасына Шымкент қаласының тұрғынынан WhatsApp желісі арқылы жағаұстатарлық бейнежазба келіп түскен. Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады.

Видео жолдаған азаматша бұл бейнежазбаны құрбысынан алғанын жеткізген. Оның айтуынша, оқиға Шымкент қаласы, 11 мөлтекауданында болған. Нақты мекенжайы жоқ. Шағымданушылардың сөзінше, бұл оқиға жиі қайталанып тұрады екен.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты телеарнаның атынан ОҚО ІІД сұрау хат жолдаған едік. Ішкі істер департаменті "қазіргі таңда ОҚО Ішкі істер департаментімен азаматтың жеке тұлғасын анықтау және жауапкершілікке тартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын" хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама