Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 50-ге жетті

Иллюстрация © pixabay.com

Шымкентте балм?зда?тан улан?ан адамдарды? саны 50-ге жетті, деп хабарлады "Хабар 24". Б?л туралы облысты? денсаулы? са?тау бас?армасыны? баспас?з ?ызметі м?лімдеді.

Шымкентте балмұздақтан уланған адамдардың саны 50-ге жетті, деп хабарлады "Хабар 24". Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Телеарнаның хабарлауынша, қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен жүкті әйел мен екі жасөспірім жалпы бөлімге шығарылды.  

"Тәтті жеп жедел ішек инфекциясы ауруына шалдыққандардың қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты", - дейді дәрігерлер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл жайт әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне "санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте балмұздақтан уланғандар санының 39-ға жеткені хабарланған болатын.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама