ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 шілде 2018 16:36
Шымкентте белгісіз біреулер АІІБ есігінің алдына бала тастап кеткен
Шымкентте әл-Фараби аудандық ІІБ есігінің алдына белгісіз біреулер бала тастап кеткен, деп хабарлады Otyrar.kz.
Тастанды бала шамамен екі жаста. Баланың полиция маңына қалай келгенін ешкім көрмеген. Баланың денсаулығын тексеру үшін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Баламен бірге емдеу мекемесіне кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекцияның қызметкері барды.
Қазіргі таңда баланың ата-анасының кім екені анықталып жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу