Шымкентте белгісіз біреулер астаналық әйелдің 14 миллион теңгесі бар сөмкесін тартып алмақ болған

Иллюстрациялық сурет. © Newsler.ru

Шымкентте белгісіз біреулер ?йел адамны? 14 миллион те?ге салын?ан с?мкесін тартып алма? бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте белгісіз біреулер әйел адамның 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

4 маусымда көлікте отырған астаналық әйелден белгісіз адамдар 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған. 

"Сөмкені алып кетуге көлік жүргізушісі бөгет болған, олар жүргізушіні пышақпен жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам ауыр жағдайда жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша СДТБТ-ға тіркелді", - дейді облыстық ІІД-нің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Полиция мәліметі бойынша, қылмыстың ізі суымай тұрып, ОҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы тексеріліп, басқа қылмыстармен байланысы анықталып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама