Желіде кісіні өлтіруге оқталған күдіктілерді ұстау сәті түсірілген фото мен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодан полиция қызметкерлері мен күдіктінің арасындағы жанжал мен оларды өлтіруге оқталған күдіктілер көрінеді. Оқиға Шымкенттегі ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында болған. Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысында бірнеше адам кешкі уақытта атыс ұйымдастырған.
© Tengrinews.kz
Күдіктілерді ұстауға жедел құрамның қызметкерлері көмектесті. Шын мәнінде оларға қаскүнемдерді ұстауға мемлекеттік номері X 985 BZO көлігінде отырған көмекшілері кедергі болды. Себебі ол көлік полиция қызметкерлеріне жолды бөгеп тұрғандықтан, олар көлік жүргізушісін тоқтатқан.