Шымкентте "КамАЗ" жарылды: Бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті

© Otyrar.kz

Шымкенттегі майлау материалдарын шы?аратын зауытта майлан?ан "КамАЗ" жарылып, бір адам ?аза тауып, та?ы екі адам к?йікпен аурухана?а жеткізілді, - деп хабарлайды "Отырар".

Шымкенттегі майлау материалдарын шығаратын зауытта майланған "КамАЗ" жарылып, бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Отырар".

ОҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қайғылы оқиға HILL Corporation ЖШС атты майлау материалдарын шығаратын зауытта болған. "КамАЗдардың" біріне майлап жатқанда ол бірден жарылып, жанып кеткен. Құю станциясының 1991 жылғы операторы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, зауыттың 1985 жұмысшысы мен жүк көлігінің 1967 жылғы жүргізушісі зардап шекті.
 
Зардап шеккен екі адам жедел түрде аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың бірінің денесінің 80 пайызға дейін күйік шалғанын айтты.

Төтенше жағдай туралы 101 пультіне сағат 20.09-да хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20.30-да келген. 10 минуттан соң өрт толықтай сөндірілген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама