Шымкентте кәріз құбырынан нәресте денесі табылды

Видео кадрынан алынды

Шымкентте нәресте денесінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ішкі істер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджері арқылы қаладағы ықшамаудандардың бірінен нәрестенің табылғаны түсірілген видео таратылған еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаратау аудандық ІІБ полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның 2016 жылдың 17 ақпанында Шымкенттегі "Нұрсат" ықшамауданында болғанын анықтады.

Реклама
Реклама

"Өлі нәрестені қаладағы кәсіпорындардың бірінің қызметкері кәріз құбырын тазалау кезінде тапқан. Қажетті шаралар жүргізілгеннен кейін дене сот-медициналық сараптамасына жіберілді", - деді ІІД өкілдері.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы - "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама