ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 наурыз 2018 09:44
Шымкентте көлік қақ бөлініп қалды: Жүкті жолаушы жансақтау бөлімінде
Шымкентте к?лік ?а? б?лініп, ж?кті ?йел жанса?тау б?ліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Шымкентте көлік қақ бөлініп, жүкті әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жол-көлік оқиғасы 14 наурызда кешкі уақытта болған. Opel мен ВМW жүргізушілері соғысып қалған. Алған соққыдан көліктердің бірі қақ бөлініп кеткен.
© otyrar.kz
Басылымның мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шекті. Opel көлігінде отырған 27 жастағы жүкті әйел ауыр жағдайда жатыр. Ол жүктілігінің 26-27-аптасында екен.
Сондай-ақ, зардап шеккендердің ішінде жүкті әйелдің екі жасар баласы болды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы екі жолаушы - әйел мен жігіт Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу