Шымкентте мас шешесі тастап кеткен 7 айлық сәби іздестіріліп жатыр

© pexels.com

Шымкент полицейлері 7 айлы? с?биді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкент полицейлері 7 айлық сәбиді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 қазанда Шымкент қалалық ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 1985 жылғы әйел 2017 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген сәбиін мас күйде белгісіз бір жерде қалдырып кетіп, таба алмай жатқанын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, ол сәбиді Қайнар бұлақ массивінде қалдырып кеткен болуы мүмкін. Сәбидің белгілері: жынысы - ұл, бойы шамамен 65-70 сантиметр, шашы ақшыл сары, орта денелі", - делінген полицияның хабарламасыняда.

ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта ОҚО ІІД криминалдық полиция және Қаратау аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 7 айлық сәбиді табу мақсатында қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Жоғалып кеткен 7 айлық сәбиге қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден Шымкент ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне 8-(7252)-47-60-02, 8-701-712-24-73 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді ІІД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама