Шымкентте мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысы жоғалып кетті

Құралбек Нұркен

Шымкент полицейлері жо?алып кеткен 10 жаста?ы баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"12 қыркүйекте сағат 19.30-да Шымкент қалалық ІІБ-нің Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бәйдібек би ауданының тұрғыны хабарласып, 2007 жылғы ұлы Құралбек Нұркен Талғатұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. Мектеп-интернатта оқитын бала 12 қыркүйекте сағат 13.45-те кетіп қалып, оралмаған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Жоғалған баланың белгілері: бойы 133 сантиметр, арық, шашы қара, қысқа. Қара түсті спорт киім киген, қара аяқ киім киген. Ерекше белгілері: психологиялық ауруға ұшыраған, түсініксіз әрі ежіктеп сөйлейді. 

Реклама
Реклама

Бала туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицейлер  54-53-66 немесе "102" нөмірлері бойынша хабар беруді сұрайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама