Шымкентте мұнай базасында болған өрт бір тәулік бойы сөндірілген

Шымкентте м?най ?німдері т?р?ан резервуар ?ртеніп кетті. Б?л туралы ?Р ІІМ ТЖК ресми ?кілі Руслан Иман??лов айтты. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте мұнай өнімдері тұрған резервуар өртеніп кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында орналасқан "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ аумағындағы өрт жайлы хабар 2017 жылдың 23 маусымында сағат 07.53-те түскен. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 11 минуттан соң барып, резервуарда АИ-92 маркалы бензинінің жанғанын анықтады. Онда көлемі үш мың текше метр бензин болған. Өрт аумағы 190 шаршы метрді қамтыған. 

Реклама
Реклама

Сағат 19.11-де резервуардың стационарлық шатырының бір бөлігі опырылған. Бұл өрттің одан қатты жайылуына себеп болған. 

Иманқұловтың айтуынша, өрт болған жерге 36 дана техника, екі өрт сөндіру пойызы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің 360 адамы жұмылдырылған..

Еске сала кетейік, кеше, 23 маусымда Шымкентте мұнай базасында болған өрттен "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ операторы қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ 1971 жылғы операторы Төрехан Лесбаев өрт кезінде сол қойманың ішінде болған. ОҚО ТЖД мәліметінше, өрт Жұлдыз ауылынан 400 метр, Қарабастау ауылынан 200 метр, ал мұнай өңдеу зауыты "ПКОП" АҚ-тан 700-800 метр жерде болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама