Шымкентте мұнай базасында өрт шықты: Қаза болғандар бар

Шымкентте мұнай базасында өрт шықты: Қаза болғандар бар

Шымкентте мұнай базасында болған өрттен "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ операторы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте мұнай базасында болған өрттен "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ операторы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт таңғы сағат 7-де басталған. Өрт сөндірушілер оны әлі сөндіріп бола алмай жатыр. 3 мың текше метр АИ 92 бензині бар резервуардың өртенгені белгілі болды. Онда тағы бос жатқан 5 резервуар мен 4 бензин толы резервуар бар.

Жарнама
Жарнама

Алдын ала мәлімет бойынша, "Шымкент мұнай өнімдері" АҚ 1971 жылғы операторы Төрехан Лесбаев өрт кезінде сол қойманың ішінде болған.

ОҚО ТЖД мәліметінше, өрт Жұлдыз ауылынан 400 метр, Қарабастау ауылынан 200 метр, ал мұнай өңдеу зауыты "ПКОП" АҚ-тан 700-800 метр жерде болған.

Өртті сөндіруге 28 дана техника мен 120 адам жұмылған.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама