Шымкентте мұсылман моншасы жанып кетті

Шымкентте мұсылман моншасы жанып кетті ©Нұрғиса Елеубеков

Шымкентте мұсылман моншасының ғимараты жанып кетті деп хабарлайды Тengrinews.kz  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"30 наурызда сағат 11.15-те №2 мұсылман моншасының үшқабатты ғимаратында өрт болды. Өрт 12.23-те ауыздықталып, 12.59-те залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 128 адам мен 22 техника қатысты", - делінген министрліктің хабарламасында.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртенген аудан - 580 шаршы метр.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, ақпан айында Ақтөбе облысында жеке моншаға түсіп жатқан үш адам пеш иісінен уланып қалған болатын. Олардың бірі сол жерде қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама