Шымкентте ойыншық тапаншамен қорқытып, такси жүргізушісін тонап кеткен адам ұсталды

© metronews.ru

Шымкентте такси ж?ргізушісін тона?ан к?дікті ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айма?ты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте такси жүргізушісін тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция қызметіне 26 жастағы такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құқық қорғау қызметкерлері күдктіні жедел ұстау жоспарын жариялап, Төле би ауданынан бұрын сотталған ер адамды қолға түсірген. Ол Шымкент қаласының 1992 жылы дүниеге келген тұрғыны болып шықты.

Полицейлердің мәліметі бойынша, күдікті Сайрам ауылына барар жолда такси жүргізушісінен тоқтауын өтінген. Содан кейін қарумен қорқытып, жүргізушінің бағалы заттарын тартып алған және көлікті де айдап кеткен. 

Реклама
Реклама

Күдікті көлікпен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды және одан заттай айғақ ретінде ойыншық тапанша тәркіленді. 

Қазіргі кезде қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Соталды тергеу жұмыстары басталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама