Шымкентте оқушылар мен мектеп қызметкерлері уланды

Камила Долаева Журналист

Шымкентте 36 адам улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шымкентте 36 адам улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

№54 мектептің 34 оқушысы, бір педагог және техникалық қызметкер зардап шекті.

"24 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қалғандары ем алып жатыр. Зардап шеккендер улану белгісімен келді, кейбіреулері құсты", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Otyrar.kz дерегі бойынша, улану анықталмаған иістен болған. 

"Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Газ компаниясының қызметкерлері мектеп пен автономды қазандықты мұқият тексеріп, табиғи газдың сыртқа шығуын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Улану тек бір ғана сыныпта емес, әртүрлі сынып оқушыларында байқалды. Бөлмеде және мектеп алаңында жағымсыз иіс сезілген. Балалардың жағдайы алаңдаушылық тудырмайды. Кейбір оқушылар ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды", - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама