ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 желтоқсан 2017 16:48
Шымкентте өзеннен нәресте табылды
Шымкентте ж?мысшылар ?зеннен н?рестені? денесін тапты, - деп хабарлайды TVK.
Шымкентте жұмысшылар өзеннен нәрестенің денесін тапты, - деп хабарлайды TVK.
"Тұрмыс" коммуналдық кәсіпорынның жұмысшылары Қошкарата өзенінде торларды қоқыстан тазарту кезінде кішкентай қыздың денесін тауып алған. Кәсіпорын қызметкерінің айтуынша, бұл оқиға 27 желтоқсанда шамамен сағат 14.30-да болған. Олар бірден полицей шақырған.
"Біз Республика даңғылы маңында жұмыс істеп жаттық. Шамамен бес айлық сәбидің денесін таптық. Содан мен бригадирге айттым, ол полиция шақыртты", - дейді куәгерлердің бірі.
Сарапшылардың мәліметінще, табылған қыздың бойы - 36 сантиметр, салмағы - 690 грамм.
ОҚО ІІД басқарма жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қыздың денесінде зорлық белгілері жоқ. Бұл дерек Әл-Фараби аудандық сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу