Шымкентте Toyota Camry қаққан егде велосипедші есін жимастан көз жұмды

Иллюстрациялық сурет © Flat Road

Toyota Camry к?лігі ?а?ып кеткен егде велосипедші ымкен ауруханасында к?з ж?мды. Б?л туралы О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасыны? ?кілдері м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Camry көлігі қағып кеткен егде велосипедші ымкен ауруханасында көз жұмды. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 14 маусымында болған. Оқиғадан бес күннен кейін зейнеткер алған жарақаттардан көз жұмды.

"ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасында Toyota Camry автокөлігі мен велосипедшінің соқтығысуынан болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінен 19 маусымда Шымкенттің Абай ауданының аумағында 14 маусым күні орын алған жол-көлік оқиғасы туралы материал Анықтау басқармасына берілді. Оқиға салдарынан зейнеткер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті" - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зейнеткер есін жимастан ауруханада қайтыс болған.

"Бұл дерек "жол жүрісі ережелерін бұзу" бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады" - дейді ІІД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама