ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 маусым 2018 10:51
Шымкентте Toyota Camry қаққан егде велосипедші есін жимастан көз жұмды
Toyota Camry көлігі қағып кеткен егде велосипедші ымкен ауруханасында көз жұмды. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 14 маусымында болған. Оқиғадан бес күннен кейін зейнеткер алған жарақаттардан көз жұмды.
"ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасында Toyota Camry автокөлігі мен велосипедшінің соқтығысуынан болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінен 19 маусымда Шымкенттің Абай ауданының аумағында 14 маусым күні орын алған жол-көлік оқиғасы туралы материал Анықтау басқармасына берілді. Оқиға салдарынан зейнеткер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті" - делінген хабарламада.
Зейнеткер есін жимастан ауруханада қайтыс болған.
"Бұл дерек "жол жүрісі ережелерін бұзу" бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады" - дейді ІІД өкілдері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу