Шымкентте түсірілген мас бала жайлы видео желіде жария болды

© youtube

Шымкентте түсірілген мас бала жайлы видео желіде жария болды. Ролик авторының айтуынша, бұл оқиға Шымкенттегі "Ақжол" кафесінде болған және бала алкогольдік ішімдік ішкен, - деп хабарлайды "Отырар".

Кадрлардан баланың адамдардың ортасында билеп жатқаны бейнеленген, кейін екі аяғын тең баса алмай тұрған оны ересектер сыртқа алып кетеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған ұқсас оқиға Астана қаласында түсірілген еді. Астана полицейлері өз қыздарына "арақ ішуді" үйреткен ер адамды тапты. Осыдан кейін ол өз әрекетін түсіндірген болатын. 

"Ер адам үйде отырып балаларымен қалжыңдасу мақсатында видеоролик түсіргісі келгенін айтты. Ол арақтың бос шынысын тауып алып, оған "Сарыағаш" минералды суын құйып, балаларына құйып бергенін жеткізді. Видеоролик қызық үшін түсірілген", - деді ІІД қызметкерлері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама