Шымкентте жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жедел жәрдем каретасына соқтығысты

Шымкентте жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жедел жәрдем каретасына соқтығысты © tvk-uko.kz

Шымкентте жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жедел жәрдем каретасына соқтығысты, - деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Жол-көлік оқиғасы 15 қарашада болды. Иляев және Гоголь көшелерінің қиылысында Volkswagen Touareg маркалы автомобиль мен жедел жәрдем каретасы соғысты. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі басты жолмен келе жатқан, осы кезде джип соғысқан. Соққы салдарынан жедел жәрдем көлігі жақын жерде тұрған ағашқа соғысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен оны ауруханаға жеткізді, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Жарнама
Жарнама

 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама