Шымкентте жұмысшылардың жалақысын жеткізуі тиіс болған тұрғын жоғалып кетті

ОҚО-да полицейлер Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны Александр Кривошапкинді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның жоғалғаны туралы хабарды 33 жастағы әйелі берген. Оның айтуынша, 20 шілдеде күннің екінші жартысында Александр жұмысқа шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған. Бұрғылау фирмасында жұмыс істейтін ер адамның сол күні "УАЗ" маркалы автомобильмен Бадам станциясына қарай шығып кеткені, бірақ жұмыс орнына жетпегені анықталды. Кривошапкиннің қолында құжаттар мен 800 000 теңгесі болған. Бұл қаражат жұмысшылардың жалақысы еді. 

Із-түссіз жоғалғанды іздестіруге Шымкенттің ІІБ Абай полиция бөлімі мен ОҚО ІІД жеке құрамы жұмылды. Жедел-іздестіру тобы құрылды. 

Реклама
Реклама

Оның белгілері: бойы 180-185 сантиметр, орташа бітім, шашы қысқа әрі қоңыр. Көк түсті футболка мен көк түсті джинс киген, қоңыр түсті жазғы аяқ киім. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама