Шымкенттегі түнгі клубта атыс болып, екі адам зардап шекті

© YouTube кадры

Шымкентте 2 қыркүйекке қараған түні атыс болды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

PACHA түнгі клубындағы оқиғаны полицияға куәгерлер түнде шамамен сағат үште хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, қақтығысқа түскен тараптар оқ ататын қару мен травмат қаруын қолданған. Екі адамның зардап шеккені белгілі. Lexus көлігіне оқ атылған, ойын-сауық мекемесінің терезелері сынған.

Оқиға орнына Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер департаментінің полицейлері келіп, бірнеше гильза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер дәрігерлердің көмегіне жүгінген, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама