Шымкенттік оқушылар бірін-бірі пышақтап, атысты

Шымкенттік оқушылар бірін-бірі пышақтап, атысты

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат бір жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ та атқан, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

"20-30 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында - шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады", - дейді куәгер. 

Пышақталған - №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды.

Жарнама
Жарнама

Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген. Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті. Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама