Шымкенттік полицейдің патрондары бар автоматы ұрланды

©Tengrinews.kz

Шымкентте полиция қызметкерінен патрондары бар автоматты ұрлап кетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат көзіне сілтеме жасап.

24 қыркүйек күні полиция қызметкері жеке көлігімен достарымен бірге кафеге түскі ас ішуге барған. "Машинасын кафенің жанына қойған полицей оның ішіне автоматын қалдырған. Олар түскі ас ішіп жатқан кезде қару патрондарымен бірге ұрланып кетті", - дейді агенттікке хабар берген адам.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне қарудың ұрлану дерегін растады, бірақ қосымша түсінік беруден бас тартты.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама