Таиландтағы қонақүйлердің бірінде қазақстандық азамат өлі табылды

Таиландтағы қонақүйлердің бірінде қазақстандық азамат өлі табылды © airhometoursntravels.com

?аза?станны? 41 жаста?ы азаматыны? денесі Паттайяда?ы ?она??йлерді? бірінен табылды, - деп хабарлайды asiaone.com басылымы.

Қазақстанның 41 жастағы азаматының денесі Паттайядағы қонақүйлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды asiaone.com басылымы.

Басылымның мәліметінше, қонақүй қызметкерлері 3-қабаттта орналасқан №327 бөлмеден қатты иісті сезген. Онда 41 жастағы ер адамның мәйіті жатқан екен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 2 күн бұрын қайтыс болған.

Паттайя полициясының лейтенанты Паттанан Сомнуананың айтуынша, ер адамның мәйітін ашу үшін және өлімнің себебін анықтау үшін ауруханадағы сот медицина институтына жіберілді.

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсінік беруге уәде берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама