Талдықорған көшелеріндегі заңсыздық: Land Cruiser жүргізушісі Алматыдан табылды

видео кадры

Полиция Талдықорған көшелерінде жарысып, жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылардың бірін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция Талдықорған көшелерінде жарысып, жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылардың бірін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ақ түсті Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі болып шықты.

"Талдықорған полицейлері құқық бұзушыны анықтады, ол Алматы тұрғыны болып шықты. Көлік жүргізушісі төтенше жағдай туғызғаны, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын жүргізгені және қарсы жолға шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды", - делінген Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, ақ түсті Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Мұны сот шешеді.

Бұл ретте, полицейлер мәліметінше, қара түсті жол талғамайтын Lexus көлігінің жүргізушісін анықтау мүмкін болмаған.

Талдықорғанда жол талғамайтын көлік мінгендер жолда жарыс ұйымдастырған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама