Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Талдықорған-Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған-Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 12 қыркүйекте сағат 19.15-те Талдықорған-Үштөбе тасжолының 41-шақырымында Toyota Karina мен Audi 80 автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері алған жарақатына байланысты қаза болды, ал Тoyota Karina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама