ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2023 | 16:54
Талдықорғанда әйел өлі табылды. Полиция Білім бөлімінің экс-басшысы деген ақпаратқа пікір білдірді
Полиция Талдықорған Білім бөлімі бұрынғы басшысының мәйіті табылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция Талдықорған Білім бөлімі бұрынғы басшысының мәйіті табылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Талдықорған Білім бөлімінің басшысы Роза Барманованың мәйіті Қаратал өзенінен табылды деген ақпарат тараған болатын.
Жетісу облысының Полиция департаменті шынымен де Қаратал өзені маңында зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Факт қалалық полицияда ресми тіркеліп, тиісті тексерулер ұйымдастырылған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылды.
Полицияның баспасөз қызметі марқұмның шынымен де, қалалық әкімдіктің бұрынғы қызметкері екенін растамады, бірақ оның аты мен әкесінің аты Бармановамен сәйкес келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также