06 қаңтар 2020 | 14:40

Талдықорғанда екі адамның өліміне кінәлі зейнеткер бес жылға шартты түрде сотталды

Талдықорғанда жол бойындағы аялдаманы соғып, екі адамды қағып кеткен зейнеткер әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығын шектеді. Жол апаты салдарынан 14 жастағы қыз зардап шеккен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда жол бойындағы аялдаманы соғып, екі адамды қағып кеткен зейнеткер әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығын шектеді. Жол апаты салдарынан 14 жастағы қыз зардап шеккен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апаты 2019 жылы наурызда Алматы-Өскемен автожолының 252-шақырымында болған. Жас отбасылық жұп Талдықорғаннан алыс емес жерде аялдамада тұрған. Осы кезде оларды Infiniti маркалы автомобилін мінге әйел қағып кеткен. Ер мен әйел оқиға орнында қаза тапты. Олармен бірге 14 жастағы қыз болған, ол ауыр жарақат алды. 

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс материалдарының мәліметінше, Infiniti тізгінде 67 жастағы әйел болған. Ол жылдамдықты асырып, басқаруды игере алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан. Осы үшін оны бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды және жеті жыл бойы көлік тізгініне отыруға тыйым салынды. 

Әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша соттады. 

"Сотталушы жасаған құқық бұзушылық ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Сотталушыға үкім шығару кезінде мынадай жағдайлар ескерілді: кінәсін мойындау, жасалған іс-әрекетте өкіну, оның егде жасы (67 жас), мүгедектік, тұрғылықты жері бойынша оң мінездеме, материалдық залалды ерікті түрде өтеу, алғаш рет абайсызда қылмыс жасау", - делінген Талдықорған қалалық сотының үкімінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная