Талдықорғанда ерлі-зайыпты мен ұлы қаза болған жарылыс: жаңа мәлімет айтылды

Талдықорғанда ерлі-зайыпты мен ұлы қаза болған жарылыс: жаңа мәлімет айтылды

Талдықорғанда жеке үйдегі жарылыс пен өрт салдарынан үш адамның қаза болуына қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Талдықорғанда жеке үйдегі жарылыс пен өрт салдарынан үш адамның қаза болуына қатысты істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгіме 2024 жылғы 31 желтоқсанда Талдықорғанда болған трагедия туралы болып отыр. Ол кезде екі қабатты үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан еді.

Тілсіз жаудан балаларды қосқанда жеті адам зардап шекті. Олардың бәрі ауыр күйік және дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Реклама
Реклама


Жетісу облысы ТЖД

Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, үш зардап шегушіні – ерлі-зайыпты Бекпаевтар мен олардың кәмелетке толмаған ұлын аман алып қалу мүмкін болмады.

Адам өлімі туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары жарылыс пен өрттің себептеріне қатысты сұрақтар қойып, Бас прокуратура мен ІІМ-нен істі бақылауды сұрап, мұқият тергеу жүргізуді талап етті.

Жетісу облысы ТЖД

Кейінірек жарылыстың табиғи газдың шығуынан болғаны анықталды. Екі қабатты үйдің жанында жер астымен төменгі және орташа қысымды газ құбырлары өткен, олардың қауіпсіздігіне екі өңірлік газ компаниясы жауапты болған. Солардың бірінің иесі қызметтерді тиісінше көрсетпеу дерегі бойынша қылмыстық істің фигуранты атанды.

Іс бойынша сарапшылар мен мамандарды тарта отырып, бірқатар тексеру сараптамалары жүргізілген.

"Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша жүргізілді. Іс ерекше бақылауда болды. Газ компаниясының 51 жастағы басшысы ұсталып, оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотта қаралып жатыр", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Ата-анасы мен бауыры қайтыс болғаннан кейін Бекпаевтар отбасына үлкен ұлы Ернұр бас болды. Кіші іні-қарындастарына қамқорлықты өз мойнына алған жігіт көптеген заңдық және тұрмыстық мәселелерге, соның ішінде жарылыстан зақымдалған үйді қалпына келтіру қиындықтарына тап болды.

Tengrinews.kz

Қазір ол туған-туыстарының қолдауымен және жергілікті биліктің назарының арқасында біртіндеп отағасы рөліне үйреніп келеді.

"Тергеу бірқатар себепке – сараптамалар мен осы саладағы білікті сарапшыларды іздеуге байланысты созылып кетті. Тергеу алдында бұл құбырларды тартудың заңдылығына және олар мен газ құдықтарын бақылаудың жүйелілігіне қатысты бірнеше сұрақ тұрды. Ашық дереккөздерде бұл газ компаниясының негізгі бағыты сұйытылған газды өткізу және жеткізу деп көрсетілген. Бірақ оның неліктен табиғи газбен айналысқанын және бұл қаншалықты заңды екенін енді сотта анықтау керек. Әділ шешім қабылданып, кінәлі адам заң алдында қатаң жазасын алады деп үміттенемін", - дейді Ернұр.

Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотында қаралып жатыр. Процесс ашық түрде өтіп жатыр, келесі отырыс сәуір айына жоспарланған.

Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 31 желтоқсанда Талдықорғанда табиғи газдың шығуынан екі қабатты үйде жарылыс болған еді. Салдарынан өрт шықты. Бір отбасының жеті мүшесі түрлі жарақаттар мен күйік алды. Отағасы Ерлан Бекпаев, оның жұбайы Дания және 16 жасар ұлы Асан көз жұмды. Жарылыс пен адам өлімі дерегі бойынша тергеу бір жылға жуық уақытқа созылып, ерекше бақылауда болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама