21 ақпан 2022 | 11:44

Талдықорғанда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Instagram/ushtobeqz/ushtobetv

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болып екі кішкентай бала мен ата-анасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болып екі кішкентай бала мен ата-анасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты 18 ақпанда сағат таңғы 5:45-те болған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда толығымен өртеніп кеткен Subaru Impreza көлігі көрсетілген. Жазба авторының сөзінше, көліктің салонында ер адам мен оның әйелі, 7 және 1 жастағы екі қызы болған. 

"Subaru Impreza жүргізушісі Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан. Қала шетінде ол рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Содан кейін көлік өртенген. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Қалалық ауруханаға кәмелетке толмаған екі зардап шегуші жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

"Сараптама тағайындау кезіндегі жазатайым оқиға дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп толықтырды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram