13 ақпан 2024 14:50

Талдықорғанда жол талғамайтын көлік мінгендер жолда жарыс ұйымдастырған

видео кадры

Жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігін мінген жастар Талдықорған көшелерінде жарыс ұйымдастырған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігін мінген жастар Талдықорған көшелерінде жарыс ұйымдастырған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейіпкерлер түсірген кадрларда жол ережесін елемей, қарсы жолаққа шығып, төтенше жағдай туғызғаны байқалады. Сонымен қатар, видеодағы кейіпкерлер жол талғамайтын көліктердің нөмірлерін алып тастаған.

Реклама
Реклама

Instagram-да жарияланған видео сипаттамасында: "Біздің жолдарда елдің заңдары мен ережелерін орындаудан бас тартатын адамдар көп", - делінген.

Пікір білдірушілер бұған наразы болып, тәртіп бұзушылардың жауапқа тартылуын талап еткен.

Жетісу облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысушылар анықталғанын хабарлады.

"Патрульдік полиция қызметкерлері қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram