Талдықорғанда жылу магистралі жарылды: көпқабатты үйлер мен жеке сектор жылусыз қалады

Дина Шарипханова Корреспондент

Талдықорғанда жылу магистралінде жарылыс болды, көпқабатты және жеке үй тұрғындары жылусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда жылу магистралінде жарылыс болды, көпқабатты және жеке үй тұрғындары жылусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ТалдықорғанЖылусервис" 2 ақпанда таңғы сағат 6:00-де Желтоқсан көшесінің бойында (Медеу көшесі жанында) Д700 миллиметрлік жылу магистралінде жарылыс болғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жұмыстары басталды", - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, "Самал", "Мүшелтой", "Ғарышкер", "Жастар" ықшамаудандары мен қаланың орталық бөлігіндегі 67 көпқабатты тұрғын үй, 34 жеке тұрғын үй құрылысы, 12 бюджеттік ұйым жылудан ажыратылады.

Реклама
Реклама

"Аралық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Күн аяғына дейін апатты жою және жылу беруді қалпына келтіру жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама