06 желтоқсан 2023 | 10:09

Талдықорғанда қызды соққыға жығу ісі бойынша полицейлер жазаланды

видео кадры

Талдықорғандық полицейлер соққыға жығылған қыздың ісі бойынша жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ресми сауалға ІІМ берген жауапта айтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандық полицейлер соққыға жығылған қыздың ісі бойынша жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ресми сауалға ІІМ берген жауапта айтылған.

"Дерек бойынша, қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде Талдықорған полиция басқармасының бес қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректері жарияланбайды. Олар, егер ол тергеу мүддесіне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқығы мен заңды мүддесін бұзумен байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен және ол мүмкін деп санайтын шамада ғана жариялануы мүмкін", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Не молчи" қоры полицейлер жасаған "заңсыз және қорлау әрекеттері" туралы хабарлады: олар қызды реанимациядан кейін бір сағаттан кейін, наркоздан әлі айыға қоймаған кезде ауруханадан шығарып, жауап алып, құжатқа қол қоюға мәжбүрлегені айтылды.

Реклама
Реклама

Алайда Жетісу облыстық Полиция департаменті қордың бұл айыптауларын жоққа шығарды.

Айта кетейік, желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Ер адам қызға шабуыл жасап, пышақпен жаралаған. Кейін ол бір-екі күннен кейін үйқамаққа шығарылып, "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Алайда, қоғамдық наразылықтан кейін ол қамауға алынып, іс "Адам өлтіруге оқталу" деп өзгертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная