Талдықорғанда патруль көлігі жол апатына ұшырады

viewings icon
378
comments icon
0
Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_ Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_

Талдықорғанда патрульдік көлік апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар пайда болды.

Талдықорғанда патрульдік көлік апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар пайда болды.

Кадрларға қарағанда, патруль көлігі жекеменшік үйдің қоршауына соғылған.

Реклама
Реклама

Жетісу облыстық Полиция департаменті мәліметінше, полицейлер шақыртуға бара жатып, қиылыстардың бірінде бағдаршамның қызыл түсіне өткенде Chevrolet Niva көлігімен соқтығысқан.

"102" арнасына пышақ жарақаты туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция экипажы дереу жіберілді. Алдабергенов пен Уәлиханов көшелері қиылысында келе жатып, дабыл шамдары мен дыбыстық сигналы қосылған полиция көлігі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқанда қызметтік көлікті жібермеген Chevrolet Niva-мен соқтығысқан", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталып, қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная