ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 шілде 2018 15:32
Талдықорғанда өз баласын кепілге алған ер адам ұсталды
Талды?ор?анда ер адам ?з баласын кепілге ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а ?аланы? 4-ы?шамауданында бол?ан.
Талдықорғанда ер адам өз баласын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қаланың 4-ықшамауданында болған.
Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
"Ер адам өз баласын кепілге алды. 4-ықшамаудан. Әйелі көрші подъезде, құқық қорғау органдары жұртқа ескерту жасады", - деп хабарлады куәгер.
Қалалық ІІД өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол баласының үстіне тез жанатын сұйықтық құйған. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр.
"Ер адам ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Полициядағылар оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу