Талдықорғанда құрылысшы бес қабатты ғимараттан құлап кетті

Талдықорғанда құрылысшы бес қабатты ғимараттан құлап кетті © TengrinewsTV

Талдықорғанда құрылысшы бес қабатты ғимараттан құлап кетті, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Құрылыс нысанында болған оқиғаның видеосын "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне Қайрат Әбдірахман есімді қолданушы жүктеді. Оқиға 26 қарашада болған. Кадрдан жерде жатқан жас жігітті көруге болады. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оған басқа құрылысшылар көмек көрсетті.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, бес қабатты ғимараттан құлап кеткен жігіт 25 жаста. Ол сақтандыру арқанына ілініп қалған. Құрылысшының нақты қай қабаттан құлағаны белгісіз. Болжам бойынша, ол кеуде тұсындағы омыртқасынан жарақат алды.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама