Талдықорғанда жоғалған екі оқушы қыз Алматыдан табылды

Талдықорғанда жоғалған екі оқушы қыз Алматыдан табылды ©Tengrinews.kz

Талдықорғанда жоғалған екі оқушы қыз Алматыда "Шанырақ" ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды. Қыздар 3 мамырда күннің екінші жартысында табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

15 жасар Нарқыз Жолдасбаева мен Айдана Көжебаева дін аман. Қазіргі уақытта олар үйлеріне қайтарылды. Полициямен әңгіме барысында қыздар Алматыға кетіп, ақылсыздық жасағанын мойындаған.

Бұған дейін мәлім болғандай, оқушы қыздар үйлерінен 29 сәуірде шығып кеткен. Екі құрбы бір мектепте тәлім алады. Сабақтан соң олар бірге кеткен, содан соң оларды ешкім көрмеген. Олардың ұялы телефондары сөндірулі болған. Болжамдардың бірі бойынша, оқушы қыздардың бірі туыстарымен ұрысып қалғаны себепті олар үйден кетуге бел байлаған.

Жарнама
Жарнама

Баспасөз қызметі жетекшісінің сөзіне қарағанда, оларды табу қыздардың бірі ұялы телефонын қосқан соң мүмкін болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама