Талдықорғандағы лауазымды әскеридің өлімі: подполковник қамауға алынды

Сурет © Тengrinews.kz

Алматы облысында ?ор?аныс істері департаментіні? басты?ын ?лтірді деген к?дікпен подполковник шеніндегі ?скери ?ызметкер ?амау?а алынды. Б?л туралы ?аза?станны? Бас ?скери прокуратурасыны? баспас?з ?ызметі м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысында Қорғаныс істері департаментінің бастығын өлтірді деген күдікпен подполковник шеніндегі әскери қызметкер қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға 2018 жылдың 31 наурызында таңғы 8 шамасында болған. 

"Қызметтік бөлмесінде Алматы облысында қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Б. Б. Берістемовті атып тастаған. Алған жарақаттан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл оқиғаға күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А. С. Оспанов ұсталды. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Бұл қылмысқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тарауы бойынша іс қозғалып, Бас әскери прокуратура оны өндіріске алды. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама