13 ақпан 2022 10:35

Талғар аудандық полиция ғимаратынан өрт шықты

Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар аудандық полиция ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар аудандық полиция ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, өрт 12 ақпанда сағат шамамен 14:55-те Талғар ауданының әкімшілік полиция ғимаратының қызметтік кабинеттерінің бірінде болған.

"Жергілікті өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті 25 минут ішінде ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Қызметтік құжаттар бүлінбеді", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы делінді. Өрт салдары жұмыс тәртібінде жойылатыны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram