Талғар ауданындағы балабақшада эвакуация жүріп жатыр

Талғар ауданындағы балабақшада эвакуация жүріп жатыр

Балаба?ша?а бомба ?ойылды деген хабрлама?а байланысты Алматы облысы Тал?ар ауданы ?ызыл ?айрат ауылында?ы барлы? балаба?ша ?ызметкерлері мен т?рбиеленушілері ?ауіпсіз жерге шы?арылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балабақшаға бомба қойылды деген хабрламаға байланысты Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылындағы барлық балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қауіпсіз жерге шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аудан әкімдігі өкілдерінің сөзінше, қызметтік иттері бар күш құрылымдары мен аудандық ТЖБ қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

"Бүгін сағат 13:30-да белгісіз әйел қоңырау шалып, Қызыл Қайрат ауылындағы балабақшаға бомба қойылғанын хабарлады. Дегенмен қай балабақша екенін нақтылаған жоқ. Ал ол ауылда екі жекеменшік балабақша және 19 орта мектеп жанында кішігірім орталық бар. Оқиға орнына ауданның жедел қызметтері барды. Барлық оқушылар мен тәрбиеленушілер қауіпсіз жерге шығарылды, аумақ қоршауға алынды, лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр", - дейді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Алғатбеков.

Реклама
Реклама

Алматы облысы ІІД-нің өкілдері аноним қоңырау шалынғанын растап, іздеу шараларынан кейін болған жайт туралы толық айтып беретінін жеткізді. Әкімдік өкілдері қазір жағдай бақылауда екенін айтып, аудан тұрғындарын сабырға шақырып отыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама