23 қыркүйек 2024 | 08:50

Талғар-Есік тасжолында Zeekr 001 жол апатына ұшырап, үш адам қаза тапты

instagram/kris_p_issyk

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kris_p_issyk мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kris_p_issyk мәліметіне сілтеме жасап.

Zeekr 001 электркөлігінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы бағытқа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Daewoo Matiz көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші есін жимай, аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қаза болған.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram