Талғарда әйел көпірден өзенге құлап қаза тапты

Талғарда әйел көпірден өзенге құлап қаза тапты © instagram/kris_p_talgar

Талғар бөгетінде өзенге көпірден құлап, мерт болған әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kris_p_talgar сайтына сілтеме жасап.

Талғар бөгетінде өзенге көпірден құлап, мерт болған әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kris_p_talgar сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұрған альпинистер тобы бекетті айналып өтіп, "Маралсай" демалыс базасының жанындағы тауға шыққан. Олар құтқарушыларға 6 шілдеде кешке "Спутник" демалыс орталығының үстіндегі кішкентай ағаш көпірден альпинистердің бірі құлап кеткенін хабарлады.

Әйелдің жасы қырықта еді. Оны өзен ағысы алып кетті. Сол кеште полицейлер, құтқарушылар және қорықтың қызметкерлері альпинисті іздеуге шықты. Іздеу түн ортасынан тоқтап, таңертең жалғасты. Жер экскаватормен тазартылған соң марқұмның мәйіті табылды.

Реклама
Реклама

"Ауыр рюкзак пен қауіпті көпір құлауға себеп болды", - делінген Instagram-дағы хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама