25 қараша 2020 09:15

Талғарда бас дәрігермен кездесуді талап еткен блогерлер дау шығарды

© youtube/LIFE KZ

Блогерлер мен қоғам қайраткерлері Жанар Құсайынова, Ринат Кибраев пен Валерий Кудрявцев бас дәрігер Нұрлан Күлсейітовпен кездесу үшін Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғам белсенділерінің ауруханаға барған сәті YouTube хостингіндегі LIFE KZ каналында жарияланды.

Реклама
Реклама

Роликтің басында блогерлер Талғар әкімдігінде болған оқиғадан кейін ауруханаға келуге шешім қабылдағанын, үстелді жұдырықпен ұрған бас дәрігермен сөйлесуге келгенін айтады.

Видео авторлары бас дәрігердің бұл әрекеті дұрыс емес деген пікірге келіп, одан осы әрекетіне қатысты сұрақтар қоймақ болған. Содан блогерлер ауруханаға еш кедергісіз кіріп, бәрін камераға түсіріп келе жатады да, бірақ қонақтар бас дәрігердің кабинетіне кіре алмаған. Күзетші оларды кіргізбей қойған. Нәтижесінде блогерлер мен күзетші арасында төбелес бола жаздаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram