02 қараша 2015 15:55

Талғарда болған жол апаты: Қаза тапқандардың туыстары тергеуді әділетсіз деп мәлімдеді

© Тengrinews.kz мұрағаты

Алматы облыстық ІІД Талғарда полицейлердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі тоқтатты. Жол апаты 2015 жылы 9 мамырда болды, оның салдарынан үш жігіт қаза тапты. Қаза болғандардың ата-аналары Tengrinews.kz тілшісіне істің жабылғанын және жол апатына қаза тапқандардың кінәлі деп танылғанын айтты. Олар мұндай тұжырыммен келіспей отыр. Қаза тапқандардың туыстары тергеуді әділетсіз деп есептеп, прокуратураға шағым түсіріп, олар істі қайта қарауды талап етті. Еске сала кетейік, жол апатынан Audi автокөлігінде болған үш адам қаза тапты - Жеңіс Бекмұратов, Шыңғыс Қосжанов пен Жандос Берікұлы. Ал SsangYong көлігінде отырған полицейлер зардап шеккен жоқ. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram