1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай
Реклама
Реклама

Талғарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр

Талғарда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© instagram/volontery_almaty_lider.kz

Талғарда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еріктілер Instagram-парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, 1997 жылы туған Избакиев Исмаилжан Имамдунұлы 5 ақпанда жоғалып кеткен. Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылы, Малкеев көшесі, 90 мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Ерекшеліктері: қоңыр көзді, орташа денелі, қара шашты. Үйден қандай киіммен кеткені белгісіз.

Реклама
Реклама

Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы білетіндер +7 701 375 92 91 немесе "102" телефондарына хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!