Талғарда такси жүргізушісі үш адамды пышақтаған деген күдікпен ұсталды

© Big-Rostov.ru

Алматы облысында 48 жаста?ы жеке тасымалмен айналысатын Тал?ар ауданыны? т?р?ыны ?ш жігітті пыша?та?ан деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында 48 жастағы жеке тасымалмен айналысатын Талғар ауданының тұрғыны үш жігітті пышақтаған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалы бойынша, 6 қаңтарда Талғар ауданының ауруханасына пышақ жарақтымен үш жігіт жеткізілген. Полиция оқиғаның ішімдік ішкеннен кейінгі жанжалдан туғанын анықтады. 

Іздеу шаралары барысында екі аяғы үсіп қалған күдікті ұсталды. Оның сөзінше, ер адам өзіне шабуыл жасағандардан қашып, аязды күні Талғарға дейін бірнеше шақырым жаяу барған. 

Реклама
Реклама

Күдікті ауруханаға жеткізіліп, қажетті көмек жасалғаннан кейін полиция бөлімшесіне жеткізілді. 

"ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтаумен Талғар АІІБ қызметкерлері айналысып жатыр", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама