Талғардан SOS сигналын жіберген: жоғалған ер адам өлі табылды

Жұбайы ұсынған сурет

Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған. ПД із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлайды.

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Поповтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.

Реклама
Реклама

"Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама