08 тамыз 2022 | 08:41

Таңғы бесте үйінен шығып кеткен. Қостанай облысында 5 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/pso_dos.kst_

Жексенбі, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кетті. 5 жасар Мәдина Ерланқызының жоғалып кеткені туралы "Дос" іздеу-құтқару жасағының еріктілері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жексенбі, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кетті. 5 жасар Мәдина Ерланқызының жоғалып кеткені туралы "Дос" іздеу-құтқару жасағының еріктілері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сағат бестер шамасында кішкентай қыз Жамбыл ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Болжам бойынша қыз тек іш киім киген. Қыз сөйлемейді.

Реклама
Реклама

Кішкентай қыз екі әпкесінің қарауында болған. Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі - 18 жаста. Еріктілердің айтуынша, қыздар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін байқап, іздеген. Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.

Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша іске кірісті.

Іздеуге еріктілер де қосылды. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная